Атырау қаласының тарихы мен қазіргі кезеңі бойынша виртуалды экскурсия
«С вершин взялся наш Яикушка
Бежишь же ты вплоть до низу. Как до славнаго города, До города до Гурьева. До славного ты до моря, До моря до Каспийскаго. За Гурьевом выпадал ты Во батюшку сине – море.» В.Фосс, «Гурьев-Городок», 1866 г. |
Мақсаттары мен міндеттері: Қатысушыларға Жайық өзенімен байланысты қоныстану тарихымен, тұрғындардың тұрмыс шаруашылығымен таныстыру.
Қатынасушылар саны: 20
Қажетті материалдар: фотосуреттер, слайдтар, өзен картасы, Жайық өзені туралы кітаптар және мақалалар.
Күтілетін нәтижелер: қатынасушылар Жайық өзенінің адам өміріне, шаруашылығына қалай әсер еткендігін бағалай алады және уақыт өте келе өзен өзінің кейпін қалай өзгертті, экологиясы қандай деген сұрақтарға жауап береді.

![Изображение](/uploads/2/2/6/6/22661750/6250790.jpg?125)
Кіріспе сөз
Су адам үшін өте маңызды. Сусыз адам да, жануар да, өсімдіктер де өмір сүре алмайды. Денсаулық сақтау үшін, жер бетіндегі 5 млрд. астам адамға сусындар мен тағамға қосылатын суды қоса есептегенде екі жарым литр су қажет. Адам үшін ең жақсы демалыс - ол су жағасы: жағажай, фонтан, су айдыны, су тасқындары. Атырау облысындағы басты байлық - Жайық өзені!
Жайық өзені бойынша виртуалды экскурсияны Гурьев қаласының тұрғыны, №6 орта мектебінің 1984 жылғы түлегі – Горбунов Виктор Юрьевич жүргізеді. Қазіргі таңда Виктор шетел компаниясында жетекші инженер болып жасайды, төрт баласы бар жанұя басшысы.

Хобби: генеалогия (ата тек, шежіре) 10 жылдан астам тәжірибесі бар. 2006 жылы «Горбуновтар Генеалогиясы» атты сайт құрып, 300-ден астам тума-туысқандар туралы ақпарат жинақтап қана қоймай әлемдегі барлық Горбунов есімді 4000-нан астам адамдарды жинақтады. Олардың көбімен белсенді араласып, хат жазып тұрады, генеалогия тақырыбында кеңес береді. Жергілікті және республикалық басылымдарда генеалогия туралы мақалалар жазады, Ресей генеалаогиялық Қоғамының, Шежіре Дәстүрін жандандыру Одағының мүшесі. «Мирас» тарихи-патриоттық клубының белсенді мүшесі, онда «Ата тек» үйірмесін басқарады. Атырау қаласының орта оқу орындарында шежірені үгіттейді, генеалогия негізі бойынша факультативті сабақтар жүргізеді.
Алдағы жоспары - балалар генеалогиялық жарыстарын өткізу, қалалық генеалогиялық көрмелерді ұйымдастыру. www.gorbunov.web-box.ru сайтынан Виктор Юрьевичтің ататек ағашын көре аласыз.

![Изображение](/uploads/2/2/6/6/22661750/5581610.jpg?230)
1. Горбунов ата тегінің ағашы әкесінің әкесі тарапынан (304 адам). Арғы тегі - Орал (Жайық) казактары. Орал губерниясының Зеленый және Скворин хуторында тұрған. 1930 жылдың басында Гурьевке көшіп келген.
2. Страмоусов ата тегінің ағашы анасының әкесі тарапынан (124 адам). Арғы тегі - Орал казактары, Орал губерниясының Янайки хуторында өмір сүрді. 1930 жылдың басында Гурьевке көшіп келген.
3. Агапов ата тегінің ағашы (75 адам) әкесінің анасы тарапынан. Арғы тегі - Азов маңындағы грек – эллиндер (румейлер).
4. Алтынпара ата-тегінің ағашы (113 адам) анасының анасы тарапынан. Арғы-тегі - Азов маңындағы грек-татарлар (урумдар)
5. Валышев ата-тегінің ағашы (88 адам) жұбайының әкесі тарапынан. Арғы-тегі - орыстар, Гурьевте тұрған.
6. Богданов ата-тегінің ағашы (23 адам) жұбайының анасының әкесі тарапынан. Арғы-тегі - қырым болгарлары. Қырымнан Қазақстанға 1944 жылы күшпен көшірілді.
7. Жегулевцев ата тегінің ағашы (83 адам) жұбайының әкесінің шешесі тарапынан. Арғы тегі - Орла казактары. Гурьев облысында өмір сүрді.
8. Медведев ата-тегінің ағашы (54 адам) жұбайының шешесі тарапынан. Арғы тегі - орыстар, Саратов губерниясында өмір сүрді.
№6 мектептің 50-жылдық мерейтойына байланысты әлемтор арқылы қала сыртында, республика ішінде тұратын түлектермен, мұғалімдермен; Атырау қаласындағы Ауған ардагерлер одағының облыстық кеңесімен байланысты, мектеп мұражайына қажетті деректерді берді.
Географиялық жағдай
Жайық өзені өз бастауын Оңтүстік Оралдан алып, Ресей Федерациясы және Қазақстан арқылы ағып өтеді. Ұзындығы 2428 км, ҚР территориясында – 1082 км, бассейн ауданы 237 мың км2, Каспий теңізіне келіп құяды. Жайық өзені-қарапайым өзен сияқты қар суынан жинақталатын өзен. Cудың орташа шығыны 400 м3/с. Жайық өзені екі әлем бөлігінің өзіндік шекарасы болып табылады. Жер, орман, аймақ сияқты Жайықты мемлекеттік және әкімшілік шекара бойынша бөлуге болмайды, өйткені өзен жүйесі өзара тығыз байланысты. Жайық ұзындығы бойынша Еуропадағы үшінші өзен; ұзындығы бойынша тек Волга мен Дунайдан кейін. Днепр өзені Жайықтан 249 км-ге аз. Адамдардың қателесуіне қарамастан Жайық өзені Ресейдегі жоғарғы ағымда Азия мен Еуропаның сулы шекарасы болып табылады. Шекара Челябинск облысының Верхнеуральск және Магнитогорск қалалары арқылы өтеді. Қазақстандағы Еуропа мен Азия арасындағы географиялық шекара Орск қаласының Оңтүстігінде, Мұғалжар ойпаты бойынша және Ембі өзенінің Каспий теңізіне түскен жеріне дейін ағып өтеді. Осылай Жайық өзені 100 пайызға ішкі еуропалық өзен болып табылады, тек қана Орал жотасының Ресей тарапындағы жоғарғы жағы Азияға жатады.
Жайық өзенінің атауының шығу тарихы
Көне тарихында өзен Ликос деп аталды, ал біздің эрамыздың басында Даикс, Даих (Птоломей картасы б.э.д.II ғ.) деп аталды. Әр түрлі замандарда өзеннің әр түрлі аттары болды: Джаих, Руза, Ягак, Ягат, Улусу, Запольная өзені. Яик есімі алғаш рет 1229 жылы орыс жазбаларында кездесті.
Өзен жанында өмір сүрген қазақтар, татарлар, башқұрттар және басқа да халықтар өзенді Яик, Джаик, Жайық деп атады. Бұл атаулардың барлығы өзеннің ұлылығын, молдығын, күштілігін білдірді. Орал атауы өзеннің екінші атауы болып табылады, ол өзеннің басы басталатын жері Орал тауының атауынан туған. «Ур» және «ал» сөзбе-сөз «өзен алушы» деп аударылады. Орал және Жайық мағынасы жағынан жақын сөздер. Түркі тілінен аударғанда байтақ, құюшы, өзіне басқа ондаған өзендерді алушы дегенді білдіреді.Екатерина ІІ Емельян Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі туралы пікірді халық арасында жою үшін 1755 жылы Яик атауын Орал атауына, Янукий қаласын Уральск қаласына өзгертуді бұйырды.Атауды өзгертуді шығарған патшаның жарлығында былай деп жазылған: «Яиктағы бақытсыз оқиғаны мүлде естен шығару үшін».
Жайық өзенінің халық-шаруашылық мәні
Өзеннің ерекше байлығын көрсету үшін «Яик Горыныч Золотое дно, серебряна крышечка» - деп халық мақалында айтылған. Қиын - қыстау замандарда Жайық мыңдаған адамдарды азапты ажалдан алып қалды. Біздің ата-бабаларымыз өзен туралы мынадай өлеңдер айтқан: Орал, сен біздің жарқыраған алтынымыз, таза, мөлдір суымызсың, сүттей жағалауың, балықтарың әлемге сүйкімді, Сен-біздің асыраушымызсың, біздің өмірімізсің. Су ресурстары және Жайық өзені бассейнінің жері ауыл шаруашылығында, өнеркәсіптік өндірісте кеңінен пайдаланылады. 20-30 жыл бұрын Батыс Қазақстан экономикасы үшін балық шаруашылығы мен кеме жүзетін жолдар маңызды болды. Өзен бойынша суды тұтынудың жыл сайынғы өзгерістерін есепке алсақ, су деңгейі соңғы жылдары азаюда. Бұл кеме жолдарын дамытуға мүмкіндік жоқ дегенді білдіреді.
1890 жылы Н.Я. Данилевский “Жайық балық шаруашылығы туралы ” қысқа очеркінде былай деп жазды: «Жайық тек қана балық аулауға арналған дүниедегі ең үлкен өзен. Бұған дейін ағымды судың адамға беретін басқа да қызметтері осы балық аулаудан шыға алмаған. Онда кемелер де, өзенмен сал ағызу да, сумен қозғалатын диірмен де болмаған. Жыл бойы балық аулайтын ауы жоқ кемелерді көре алмайсың. Жайық арқылы өту қиындады. Балық аулауға арналған бекеттен теңізге дейінгі кеңістікте, яғни пошта жолымен 500 шақырым жерде, Уральск жанында тек қана бір көпір болатын. Гурьевте айырбасы бар екі пункті қамтитын бір паром болған. Халық Гурьев паромын жақтырмаған, өйткені оның арқаны суға соққанда Жайыққа келетін балықтарды шоршытады деп есептеген. Егер де Жайық өзенінен жүктермен өту қажет болса, екі-үш бударкілерді (кішкене қайық) байлап, тұғыр орнына шарбақ төсеп, бас жағында және аяқ жағында бір казактан отырады, қолдарында қысқа ескектер бар. Осылай паром дайындалған.»

Аймақтардың ерекшелігі
Жайық өзені - ірі табиғи объект. Жайық өзені атырауы және ұласып жатқан. Каспий теңізінің жағажайы – халықаралық мәні бар Рамсар тізімінің су-батпақ жерлеріне енгізілді. Қазақстан 2007 жылы мамырда Рамсар конвенциясына қосылды, мұнымен біз өзіміздің территориямыз үшін, адамзат үшін пайдаланатын суларды сақтау міндеттемелерін мойнымызға алдық.
Өзеннің экологиясы
Гидрологиялық режимнің қолайсыз жағдайлары және басқа да факторлар балық қорын қайта өндіруге кері ықпалын тигізді. Жайық өзеніне антропогендік әсерлер, соның ішінде соңғы он жылдағы күшті әсер күрделі салдарға алып келді. Бүгінгі таңда өзен көз алдымызда тайызданып бара жатыр, судың сапасы шамалап, жергілікті флора мен фауна жұқарды. Бекіре балықтарының популяциясы соңғы жылдары 30 есе қысқарды. Су артериясының тартылуынан ерекше балықтардың уылдырық шашатын орындары жоғалып кетті, өзендегі сарқынды судың көлемі артты. Ресейдегі сияқты Қазақстанда да Жайық жанында көптеген кәсіпорындар орналасты. Нәтижесінде - суда ластаушы заттардың жоғарғы концентрациясы тіркелген, бұл мыс, мырыш, және марганец бойынша ПДК-ны 7 есе асып түседі. Қыста Жайық өзенінің ойықтарында майлы дақтардың сызықтарын байқауға болады – бұл өзенге келіп түсетін өнеркәсіп кәсіпорындарының қалдықтары. Жайық өзенінің саласы ешқашан тазартылған емес. Бүгінгі Жайықтың түбі, суға сүңгушілердің айтуынша, үлкен қалдықтар жиынына ұқсайды: аулар, арматура, құрылыс қалдықтары, темір-терсектер. Жайық сағасы жылдар бойы жинақталған қоқыс, үйінділерге толы. Нәтижесінде балық уылдырық шашу үшін өзенге өте алмайды.

Қорытынды сөз
Қазақстанның тұрақты дамуға көшуі жалпы ұлттық міндет болып табылады. Тұрақты дамудың мәселелері Президент Н.Ә. Назарбаевпен ұсынылған «Стратегия-2030» ұзақ мерзімді бағдарламасында орталық орын алады. Қоғамның тұрақты дамуға көшуінің маңызды шарты - жаңа адамгершілік құндылықтарды, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру қажеттілігі мен болашақ ұрпақ алдында жауапкершілікті түсінуге негізделген менталитетті қалыптастыру. Барлығымыз есте ұстауымыз қажет, біз тұрып жатқан жер - Атырау облысы су ресурстарына мұқтаж, сондықтан суға біз қамқорлықпен қарауымыз қажет. Өйткені өзен жанында біз шаруа, стресс туралы ұмытамыз, табиғат дыбыстарын естіп, жанымыз жай табады, денсаулығымыз қалпына келеді. Біз Жайық өзенінің табиғатын өзіміз үшін, болашақ ұрпақ үшін сақтауымыз қажет!
Қатысушыларға арналған өзіндік жұмыс
Бірінші топқа арналған тапсырма. Өзеннің географиялық жағдайы қалай? Өзеннің тартылуына не себеп болады?
Екінші топқа арналған тапсырма. Неге Жайықтың жағасында адамдар орналасады? Өзенді қандай мақсатта пайдаланған?
Үшінші топқа арналған тапсырма. Қазір адам өзенді қандай мақсаттарда пайдаланады?
Төртінші топ үшін тапсырма. Жайық өзенінің суы қаланы сумен қамтамасыз ету үшін қалай пайдаланылады?